17
июль 2019
Ақтөбе қ. трансфузиологтарға арналған семинар
Облыстық ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының базасында «Облыстық қан орталығы» МКҚК (ОҚО) және «Ақтөбе облысының Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті» РММ (ҚДСД) мамандарымен бірлесіп Ақтөбе қаласы мен облыстың медициналық ұйымдарының трансфузиолог дәрігерлеріне арналған семинар өткізілді.
Семинар тақырыбы «МҰ-да трансфузиялық көмекті ұйымдастырудың таңдаулы мәселелері».
ОҚО директорының орынбасары Г.Абдрахманова трансфузиялық көмек бойынша нормативтік-құқықтық актілер, МҰ трансфузиялық көмек көрсету ұйымдары қызметінің негізгі бағыттары туралы презентацияны ұсынды.
«Облыстың емдеу-алдын алу ұйымдарында санитарлық-эпидемияға қарсы режимді сақтаудың проблемалық мәселелері туралы» Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті эпидемиологиялық қадағалау бөлімі басшысының м.а. А. Алмагамбет баяндады.