АИТВ-жұқпасының жастар арасындағы алдын алу шаралары
Ақтөбе облыстық ЖИТС орталығының маманы Сандуғаш Жулмағамбетова облыстық телеарнаның"Jas STAR" жастар бағдарламасына қатысты.
Бағдарламада тележүргізуші Анастасия Евсеева жастар арасында өткізілетін алдын алу іс-шаралар туралы,өңірдегі эпидемиологиялық жағдай, АИТВ- мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілік туралы сауалдар қойды.
Сонымен қатар дәрігер-эпидемиолог АИТВ және ЖИТС түсінігі туралы және жастардың өз мінез-құлықтары мен өздерін ұстауларына жауапкершілікпен қарау туралы телекөрермендерді хабардар етті.
Бағдарлама барысында телекөрермендер дәрігер-дерматовенерологтан кеңес алып, тегін және анонимді құпия түрде тексеруден өтуге болатын Достық кабинетінің жұмысы туралы да толық ақпарат алды.