Облыстық перинаталдық орталығының мамандарына арналған семинар.
2019 жылдың 23 шілдесінде Ақтөбе облыстық ЖИТС орталығының дәрігер-эпидемиологтар Облыстық перинаталдық орталығының медицина қызметкерлеріне арналған оқыту семинарын өткізді.
Муртазин Самат Хабиевич АИТВ –ға тестілеу мен кеңес берудің маңызды түйіткілдеріне тоқталып, жүкті әйелдер мен реципиенттердің тексерілу мерзімі туралы, және қатысушыларды жаңа құқықтық-нормативтік актілермен жан-жақты таныстырды.
Мамандар Облыстық перинаталдық орталығының медицина қызметкерлеріне АИТВ мен ЖИТС алдын алу,емдеу және диагностика мәселелері бойынша консультативтік кеңес бергеннен кейін, семинарға дейінгі және кейінгі тестілеу өткізді.
Семинарға қатысушылар антиретовирустік ем, қатынастан кейінгі алдын алу және медицина қызметкерлерінің апаттық жағдайларда өздерін қалай ұстауы т.б. мәселелер бойынша толық ақпарат ала алды.