Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясындағы жұмыс кездесуі
2019 жылдың шілденің 24-нде Ақтөбе облыстық ЖИТС орталығында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «Ақтөбе облысы дәргіерлер мен провизорлар қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі мен халықтың осал топтары арасындағы аутрич қызметкерлермен жұмыс кездесуі өтті.
Кездесудің негізгі мақсаты- алдын алу шараларының талаптары мен осал топтар арасындағы жұмыс негіздері үйретілді.
ЖИТС орталығының эпидемиолог-дәрігері Алтынай Артықбаева психоәлеуметтік кеңес беру және қауіпсіз мінез-құлық дағдылары, сондай-ақ стигма мен кемсітушілікті жеңу тәсілдері туралы толығырақ айтып берді.