АИТВ-жұқпасының алдын алуға арналған медицина қызметкерлері арасындағы оқыту семинары
2019жылдың тамыздың 1-нде Ақтөбе облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің негізінде оқыту семинары өтті.
Семинарда Ақтөбе облысындағы эпидемиологиялық жағдай туралы айтылды.ЖИТС орталығының дәрігер-эпидемиологы Самат Мұртазин қатысушыларды нормативтік құжаттарға енгізілген негізгі өзгерістермен таныстырды.
« АИТВ-жұқпасына тегін негізде ерікті және құпия түрде медициналық тексеруден өту мен кеңес алудың ҚР аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдар мен шетелдіктерге,оралмандар мен ел азаматтарына қатысты жаңа ережелері түсіндірілді.
Сондай-ақ, семинар барысында медициналық қызметкерлердің апаттық жағдайдағы ұстаным қағидалары мен қатынастан кейінгі алдын алу шаралары талқыланды.
