Полиция департаменті қызметкерлеріне АИТВ-жұқпасының алдын алуға арналған дәріс
2019 жылдың тамыз айының 8-нде ЖИТС орталығының мамандары Ақтөбе қалалық полиция басқармасының Алматы аудандық №3 бөлімінің қызметкерлері үшін АИТВ-жұқпасының алдын алуға арналған дәріс өткізді.
Дәріс барысында өңірдегі эпидемиологиялық жағдай мен АИТВ-жұқпасының берілу жолдары мен алдын алу шаралары туралы айтылды. Орталықтың алдын алу бөлімінің меңгерушісі Айжан Жайлаубаева қатынастан кейінгі алдын алу мен стигма мен кемсітушілік жөнінде де жан-жақты түсіндірді.
Іс-шара ведомствоаралық өзара әрекет ету, ынтымақтастықты нығайту аясында өтті. Ақтөбе облыстық ЖИТС орталығының мамандары алдын алу шараларын жүргізудің маңыздылығына тоқталды.АИТВ-жұқпасының алдын алуда тиімді тетіктер табу үшін медициналық мекемелер мен күштік құрылымдардың өзара бірлесе жұмыс істеуінің маңызы бар.
Барлық қатысушыларға ақпараттық ағарту парақшалары үлестірілді. Полиция қызметкерлеріне арналған дәрістер бұдан әрі де жалғасын табады.