Ақтөбе қаласындағы медицина қызметкерлеріне арналған семинар.
2019 жылдың тамыз айының 14-нде Ақтөбе облыстық ЖИТС орталығының маманы, дәрігер-эпидемиолог Самат Муртазин облыстық балалар клиникалық ауруханасының медицина қызметкерлеріне арнап семинар өткізді.
Семинар барысында ЖИТС орталығының мамандары қатысушыларды АИТВ-жұқпасына қатысты эпидемиологиялық жағдаймен , қолданыстағы нормативті-құқықтық актілермен таныстырды.Сонымен қатар «апатты жағдайлардағы» іс-әрекет ету алгоритмі туралы түсінік берілді.Медицина қызметкерлерінің АИТВ-ға қатысты білім деңгейін бақылау мақсатында семинарға дейін және кейін сауалнама жүргізілді.