21
август 2019
Полиция департаментінің қызметкерлері үшін АИТВ-жұқпасының алдын алу бойынша дәріс.
2019 жылдың 17 тамызында Ақтөбе қаласының №4 полиция бөлімінің жеке құрамы үшін АИТВ-жұқпасының алдын алу және ақпараттандыру деңгейін арттыру мақсатында дәріс өткізілді.
Дәріс барысында алдын алу бөлімінің меңгерушісі Айжан Жайлаубаева өңірдегі эпидемиологиялық жағдаймен, АИТВ –жұқпасының алдын алу және берілу жолдары туралы таныстырды. Сонымен қатар, "апаттық жағдайларда" өзін қалай ұстау керектігі туралы толығырақ айтып берді. Кәсіби жұғу қаупі кезінде байланыстан кейінгі алдын алу бойынша ұсыныстар берілді.