Жастар арасында АИТВ-ның алдын алу бойынша семинар-кеңес.
2019 жылдың 23 тамызында Ақтөбе облыстық ЖИТС орталығында жастар арасында АИТВ-жұқпасының алдын алу бойынша кеңес өтті.
Кеңеске облыстық білім басқармасының, Ақтөбе қаласының Жастар ресурстық орталығының және қаланың үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері қатысты.
ЖИТС орталығының бас дәрігері Жасқайрат Сүлейменов кіріспе сөз сөйледі. Ол қойылған міндеттерді жүзеге асырудағы ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті. Қатысушылар жастар арасында АИТВ-жұқпасының алдын алудың бірлескен шаралары мен өзара әрекеттестіктің одан әрі жолдарын талқылады. Жастар арасында АИТВ- жұқпасының таралуының алдын алу үшін медициналық және білім беру мекемелері мамандарының ғана емес, қоғамдық, жастар ұйымдарының да күш-жігерін біріктіру қажет. Егер жастарға уақытында, қолжетімді түрде өзекті профилактикалық ақпарат берсе, онда ол өз денсаулығы мен мінез-құлқына саналы көзқарасты қалыптастыруға ықпал етеді. Сондықтан жастар ұйымдарының АИТВ-жұқпасының алдын алуға қатысуы өте маңызды.
ЖИТС орталығының бас дәрігерінің орынбасары Анна Каспирова және алдын алу бөлімінің меңгерушісі Айжан Жайлаубаева баяндама берді.