03
сентябрь 2019
Жұмыс орындарында АИТВ-жұқпасының алдын алуы

Қыркүйек айының 2-і күні Ақтөбе ЖИТС орталығының әлеуметтанушысы Самал Мұханбетжанова темір жол басқармасының қызметкерлеріне арнап АИТВ-жұқпасының алдын алу бойынша дәріс оқыды.
Маман АИТВ-жұқпасының берілу жолдары мен қауіп факторлары туралы айтып, тыңдаушыларды облыстағы қалыптасқан эпидемиологиялық жағдаймен таныстырды. Сондай-ақ АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың стигма және кемсітушілік мәселелері қозғалды.