06
сентябрь 2019
Нұрбанктің қызметкерлерімен кездесу.

5 қыркүйек күні Ақтөбе ЖИТС орталығының әлеуметтанушысы Самал Мұханбетжанова Нұрбанктің қызметкерлеріне арналған АИТВ-жұқпасының алдын алу бойынша дәріс өткізді.
Іс-шара АИТВ-жұқпасы туралы білімді арттыруға бағытталған. Кездесу барысында маман вирустың таралу жолдары мен алдын алу шаралары туралы ақпарат беріп, өңірдегі эпидемиологиялық жағдаймен таныстырды, сондай-ақ АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға толерантты қарым-қатынас танытқаны туралы еске салды.