18
сентябрь 2019
Ақтөбе қаласындағы неонатолог – дәрігерлер мен педиатрлық бөлімше меңгерушілері және жалпы тәжірибелік дәрігерлерге арналған семинар.
2019 жылдың 16-17 қыркүйегінде Ақтөбе облыстық ЖИТС – тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының базасында "АИТВ-жұқпасымен өмір сүретін және перинаталды байланысы бар балаларға бақылау жүргізу" тақырыбында неонатолог-дәрігерлер мен педиатриялық бөлімшелердің меңгерушілеріне және жалпы практика дәрігерлеріне арналған семинар өтті. Орталықтың мамандары семинарға қатысушыларды АИТВ/ЖИТС бойынша нормативтік құжаттардағы жаңа өзгерістер, АИТВ-жұқпасы бар балаларға ем жүргізу, сондай-ақ перинаталдық байланысы бар балалармен жұмыс жасаудың тиімді тұстарымен ақпараттандырды және облыстағы эпидемиологиялық жағдаймен таныстырды. Елімізде профилактикалық емнің қол жетімділігіне байланысты АИТВ-жұқпасы кезінде де дені сау балалардың туу мүмкіндігі ұлғаюда. Бұл ЖИТС қызметі мен босандыру, ана мен бала қызметтерінің бірлескен жұмыстарының нәтижесінде тиімді болды. Жүкті әйелдер АИТВ - ға екі рет тестілеуден өтеді және АИТВ-жұқпасы анықталған кезде анадан балаға берілуін болдырмау мақсатында алдын-алу емдеу шаралары тағайындалады. Сондай-ақ, алдын алу емі жаңа туған нәрестеге де тағайындалады. Бас дәрігердің орынбасарлары А. Каспирова, А. Шапиева және емдеу-алдын алу бөліммінің дәрігерлері семинарға қатысушыларға баяндамалар жасады.