01
октябрь 2019
№13 мектеп оқушыларымен кездесу

2019 жылдың 30 қыркүйегінде Ақтөбе облыстық ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары, оқушылар арасында «АИТВ жұқпасы және қауіпсіз мінез-құлық» тақырыбында кездесу өткізді.
Іс шараға Ақтөбе қаласындағы №13 орта мектебінің 9-11 сынып оқушылары қатысты. Дәрігер-эпидемиолог Д.Уразалинова мен педагог М.Матаева оқушыларға АИТВ-жұқпасы туралы, берілу жолдары, алдын алу диагностика және стигма мен кемсітушілік туралы жан-жақты түсінік берді.
АИТВ-жұқпасы туралы жалпы мәліметпен қатар, берілу жолдары мен қорғану амалдары, қауіпсіз мінез-құлық пен өз денсаулықтарына жеке жауапкершілік туралы да айтылды.
Кездесу қазақша және орысша тілде өтті. Кездесу соңында ақпараттық ағарту материалдары үлестірілді.