02
октябрь 2019
Халықаралық қарттар күні

Жыл сайын Халықаралық қарттар күні атап өтіледі. Сол күні үлкендерді құрметтеу мен сыйлау, үлкен адамдардың еңбегін бағалау белгісі болып саналады. 1 қазан күні Облыстық ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының ұжымы ЖИТС қызметінің зейнеткерлерін осы тамаша мерекемен құттықтады.
Салтанатты сөзді бас дәрігер Ж.Сүлейменов бастады. Өз сөзінде зейнеткерлердің өмірлік тәжірибесі мол екенін атап өтті. Үлкендердің білімдері, бай тәжірибелері, өмірлік даналықтары қазіргі жағдайда ерекше маңызды екендігін атап өтті. Сонымен қатар ең басты — денсаулық тілей отырып көздеріңіздің жанарын жоғалтпау, келесі ұрпақтарға ақылымен даналықтарын бөлісуге тіледі. Іс-шара зейнеткерлер үшін кәсіподақ комитетінің дайындаған шай дастарханымен естелік сыйлықтарын табыстаумен аяқталды.