16
октябрь 2019
«Адалдық сағаты» атты дәріс

Қазіргі таңда мемлекет тарапынан жемқорлыққа қарсы күрес мақсатында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Осыған байланысты біз қоғам өмірінің барлық салаларындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша жұмыс атқарып жатырмыз.
«ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Ақтөбе облысы бойынша департаментінің (11.10.2019. жылғы №6-11/3448 хаты негізінде) тапсырмасы бойынша қазіргі кезде барлық мемлекеттік органдар мен еңбек ұжымдарында «Адалдық сағаттары» өткізілуде.
«Сыбайлас жемқорлықтан адал өңірлер» жобасы аясында «Ақтөбе – адалдық алаңы» жобасы қолға алынды. 2019 жылдың 16 қазанында облыстық ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығында «Ақтөбе адалдық алаңы» жемқорлыққа қарсы жоба кеңсесінің жетекшісі және Ақтөбе облыс әкімінің кеңесшісі Тұртаев Жанболат Бақиұлы мен Ақтөбе облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаментінің бас маманы Махмутов Нұрболат Байузакович дәріс өткізді.
Дәрісте мінез-құлықтың жоғары мәдениеті, адалдық пен әділдіктің мызғымас қағидалары бар қоғамды құруда отбасы институты мен әрбір адамның белсенді азаматтық ұстанымы маңызды рөл атқаратыны атап өтілді. Сонымен қатар мемлекеттік қызметкерлердің атына кір келтіретін әрекеттерден әркімнің де аулақ болғаны туралы айтылды. Бұндай заң бұзушылыққа қасақана барғандар қатаң жазаға тартылады.