21
октябрь 2019
Ембі қ. медицина қызметкерлеріне арналған ҰӘК

Ақтөбе облыстық ЖИТС орталығының мамандары Ембі қаласының ауруханасының медицина қызметкерлеріне, ұйымдастыру-әдістемелік көмек (ҰӘК) көрсетті.
ҰӘК барысында орталықтың мамандары медицина қызметкерлерін АИТВ және ЖИТС бойынша қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерімен, АИТВ-жұқпасының аурухана ішілік және кәсіби жұқтыруын алдын алу, донорлық қауіпсіздігін қамтамасыз етуімен таныстырды. Сонымен қатар орталық мамнадары аумақтағы эпидемиологиялық жағдай және АИТВ-жұқпасының жұғу жолдары туралы, мед.қызметкерлерінің сұрақтарына толық жауап берді.