21
октябрь 2019
«Даму» қызметкерлеріне арналған дәріс

Облыстық ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының әлеуметтанушы Самал Мухамбетжанова «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының мамандарына АИТВ-жұқпасының алдын алу мақсатында дәріс өткізді.
Социолог эпидемиологиялық жағдай туралы, АИТВ-жұқпасының алдын алу жолдары туралы толық айтып берді. Сондай-ақ АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға жұмыс орындарында қатысты стигма мен кемсітушілік туралы айтты. Еңбек саласындағы теріс қарым-қатынас пен кемсітушілікті жою еңбекке лайықты қарым-қатынасты сақтауды, еңбекшілердің өздерінің қадір-қасиетін құрметтеуді білдіреді.