24
октябрь 2019
Жұмыс орындарында дәріс
2019 жылдың 21 қазан айында облыстық ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының әлеуметтанушы Самал Муханбетжанова «Айс плюс» ЖШС жұмысшыларына дәріс өткізді. Дәріс «АИТВ-жұқпасын алдын алу» тақырыбына өтті.
Дәрістің мақсаты: жастар арасында АИТВ-жұқпасымен ЖИТС мәселесі туралы деңгейін арттыру, АИТВ-ның берілу жолдары туралы, қауіпсіз жүріс-тұрыс, салауатты өмір салтына оң көзқарас қалыптастыру, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға стигма мен кемсітушілікке жол бермеу, сондай-ақ АИТВ-ның жыныстық жолмен берілуінің алдын алу туралы шынайы ақпарат алуы болып табылады.