28
октябрь 2019
Ақтөбе облысының Шалқар аудандық орталық ауруханасына ҰӘК
Ақтөбе облыстық ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының мамандары, эпидемиолог дәрігері С.Муртазин, және инфекционист дәрігері З.Нығметова МҰ-да АИТВ-жұқпасының алдын алу мақсатында ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсетті. Орталық аудандық аурухана (АОА) үшін медициналық ұйымға АИТВ-жұқпасының ауруханаішілік алдын алуға бағытталған ұйымдастыру-әдістемелік көмек және семинар өткізілді. Семинар барысында тыңдаушыларды Ақтөбе облысындағы АИТВ-жұқпасының эпидемиологиялық жағдайымен, апаттық жағдай кезіндегі байланыстан кейінгі АИТВ-ның алдын алу, сондай-ақ қоғамда АИТВ-жағымды адамдарға толерантты қарым-қатынасты қалыптастыру проблемаларымен танысты.
Сондай-ақ медициналық жұмысшылардың АИТВ мәселесі бойынша деңгейін анықтау үшін дәрігерлер мен медбикелер арасына сауалнама сауалнама жүргізілді.