28
октябрь 2019
Ақтөбе облысының АІІД-де семинар
Ақтөбе облыстық ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының маманы М. Матаева, Шалқар аудандық ішкі істер бөлімінің жеке құрамына семинар өткізді.
Семинар барысында облыстағы эпидемиологиялық жағдай, апаттық жағдай кезінде байланыстан кейінгі АИТВ-жұқпасының алдын алу, облыста синтетикалық есірткінің пайда болуы және оларды тарату тәсілдері, сондай-ақ қоғамда АИТВ-позитивті адамдарға түсіністікпен қарым-қатынасты қалыптастыру мәселесі бойынша ақпарат берілді. Сонымен қатар, ЖИТС орталығы мен құқық қорғау органдарының халықтың негізгі топтары арасында АИТВ-жұқпасының алдын алу мақсатында өзара іс-әрекет мәселелері талқыланды.