29
октябрь 2019
Оқушылармен кездесу
Облыстық ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының педагогы М.Матаева Шалқар ауданының №2 мектеп-гимназиясының оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесу «Жастар арасында АИТВ-жұқпасын алдын алу» тақырыбына өтті.
Кездесу барысында оқушылар АИТВ–жұқпасының берілу жолдары, алдын алу және өңірдегі эпидемиологиялық жағдай туралы білді. Тыңдаушылар үлкен қызығушылық танытып, тақырыпты талқылауға белсенді қатысты. Педагог оқушыларды қызықтырған барлық сұрақтарына жауап берді.