04
ноябрь 2019
Ақтөбе қ. студенттерге арналған дәріс

2019 жылының 30 қазанда Ақтөбе облыстық ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының эпидемиолог дәрігері А.Артыкбаева, Есет батыр атындағы олипиядалық резервіндегі мектеп –интернат-колледжінде дәріс өткізді. Дәріс тақырыбы «Жастар арасында АИТВ-жұқпасын алдын алу».
Дәрістің мақсаты: өз денсаулығына құндылық қарым-қатынасты қалыптастыру, қауіпті аймақтарда болған жағдайларда бағалауды және сақтық шараларын сақтауды үйрету, денсаулықты сақтауды қалыптастыру, оның ішінде қауіпсіз және жауапты мінез-құлықы насихаттау.
Эпидемиолог дәрігері адам иммун тапшылық вирусы, «терезе кезеңі», осал топтар, АИТВ жұғу жолдары және алдын алу шаралары туралы толық мәлімет берді.
