06
ноябрь 2019
Ақтөбе қаласындағы БАҚ өкілдері үшін баспасөз конференциясы

2019 жылы қарашаның 5-нде Ақтөбе облыстық ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған баспасөз конференциясын өткізді.
Баспасөз конференциясы Ақтөбе облысы әкімдігінің өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өтті. Оған ЖИТС орталығы бас дәрігеріннің міндетін атқарушы Әлия Шапиева мен алдын алу бөлімінің меңгерушісі Айжан жайлаубаева қатысты.
Конференцияда өңірдегі эпидемиологиялық жағдай, АИТВ-жұқпасының таралуына қарсы күрес пен алдын алу шаралары, стигма мен кемсітушілік туралы айтылды. Сондай-ақ. жергіллікті және республикалық БАҚ журналистерінің сұрақтарыгна жауап берілді.
«Біз халықтың негізгі топтарына бағытталған жұмыстарды жандандырып, түрлі үкіметтік емес ұйымдар мен қатар жастар қоғамдық бірлестіктерімен бірлесе жұмыс жасаймыз»,-деп атап өтті бас дәрігердің міндетін атқарушы Әлия Шапиева

