08
ноябрь 2019
Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-де кең ауқымды науқан

Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес кампаниясы аясында Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде студенттерге арналған кең ауқымды науқан өтті. Іс-шараның ұйымдастырушылары экономика және мененджмент факультеті.
Осы іс-шараның ерекшелігі Ақтөбе облыстық ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының қызметкерлерінің, бір сәтте бірнеше іс-шаралар өткізу болды.
№205 кабинетте «Қауымдастықтардың маңызы бар» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Шараға Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының, "Арасан Ақтөбе" ЖШС, аймақтың жоғары оқу орындары мен колледждері, үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер өкілдері және қалалық емханалардың нарколог дәрігерлері қатысты.
№ 107 кабинетте «Сен мұны білуі тиіс» тақырыбында дәріс өткізілді, онда студенттерге «25 жыл есте сақтау және түсіну» бейнеролигі көрсетілді.
№ 311 аудиторияда студенттерге арналған «Қауіпті-қауіпсіз» атты тренингтер кешені ұйымдастырылды.
Корпустың холында студенттер АИТВ туралы өз сауалдарын қойып, кітапшалар ала алатын «АИТВ туралы білу» үгіт-насихат шатыры ұйымдастырылды.
Науқанға негізгі назар АИТВ-ға экспресс-тестілеуге бөлінді. Тілек білдірушілер тегін және 20 минут ішінде өзінің АИТВ статусын біле алды.






