12
ноябрь 2019
№1 қалалық емханасында науқан

Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес кампаниясы аясында Ақтөбе облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары №1 қалалық емханада ашық есік күнін өткізді.
Іс-шара барысында алдын алу бөлімінің меңгерушісі Айжан Жайлаубаева емхананың келушілерімен шағын әңгіме өткізді. Әңгіме барысында өңірдегі эпидемиологиялық жағдаймен, АИТВ-жұқпасының берілу және емдеу жолдары, алдын алу шаралары туралы таныстырды. Сондай-ақ, ниет білдірушілерге АИТВ-жұқпасына экспресс-әдіспен тестілеу жүргізілді. Іс-шара барысында ақпараттық білім беру материалдары таратылды.

