12
ноябрь 2019
Оқушылармен кездесу

Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес кампаниясы аясында Ақтөбе облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының дәрігер-эпидемиологы Уразалинова Д.Г., және №3 қалалық емханасының психологы А.А.Чен-Лен-Сон, №9 мектеп-гимназиясының жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесу «Жастар арасындағы АИТВ-ның алдын-алу» тақырыбында өтті.
Кездесудің мақсаты: оқушылардың АИТВ-жұқпасы мен ЖИТС мәселесі туралы деңгейін арттыру, АИТВ-ның берілу жолдары, қауіпсіз жүріс-тұрыс, салауатты өмір салтына оң көзқарас қалыптастыру, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға стигма мен кемсітушілікке жол бермеу, сондай-ақ АИТВ-ның жыныстық жолмен берілуінің алдын алу туралы ақпарат алуы болып табылады.
Сондай-ақ, іс-шараның алдында және одан кейін оқушылардың білім деңгейін анықтау мақсатында АИТВ мәселелері бойынша сауалнама жүргізілді.


