12
ноябрь 2019
«Алтай» СҮ науқан

2019 жылдың 8 қарашасында облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары халық арасында науқан өткізді. Науқан Алтай жабық базарында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес кампаниясы аясында өтті.
Іс-шара барысында келушілерге ақпараттық білім беру материалдары таратылды. Сондай-ақ, ниет білдірушілерге АИТВ-жұқпасына экспресс-әдіспен тестілеу жүргізілді. Тестілеу кезінде 20 минут ішінде өз АИТВ- мәртебесін білуге болады.
Базарға келушілер және барлық ниет білдірушілер АИТВ-ның алдын-алуға қатысты сұрақтарына жауап ала алды.

