13
ноябрь 2019
Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданында халық үшін ашық есік күні

2019 жылдың алтыншы қарашасында Облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары «Болашақ» жастар денсаулық орталығымен бірлесіп Мәртөк аудандық орталық ауруханасында тұрғындарға арнап акция өткізді.
Іс - шара аясында аудан тұрғындары өздерінің АИТВ-статусын біліп қана қоймай, ЖИТС орталығы мамандарының кеңесін алды. ЖИТС ОО-ның дәрігер-эпидемиологы А. Артыкбаева АИТВ-жұқпасының берілу жолдары мен алдын алу, сондай-ақ АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың стигмасы мен кемсітушіліктері туралы толығырақ айтып берді.

