14
ноябрь 2019
Ақтөбедегі орталық базардағы акция.

2019 жылдың 11 қарашасында Ақтөбе қаласының орталық базарында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес компаниясы аясында акция өтті.
Акцияны облыстық ЖИТС орталығының қызметкерлері "Жастар" жастар денсаулық орталығымен бірлесіп өткізді. Іс-шара барысында шағын әңгімелесу, ақпараттық-білім беру материалдарын тарату, психоәлеуметтік кеңес беру, сондай-ақ АИТВ-ға жедел тестілеуден өту ұйымдастырылды.
Акцияның мақсаты тұрғындардың АИТВ/ЖИТС мәселесі бойынша ақпараттандыру деңгейін арттыру, халықтың өз денсаулығына деген жауапкершілігін жақсартуға бағытталды.
Экспресс тест АИТВ-ға қанда қарсы антиденелер болуын анықтауға мүмкіндік береді. Ол үшін тек 15 минут жеткілікті. Тестілеу тегін, жасырын түрде жүргізілді.




