19
ноябрь 2019
Ақтөбе қаласының жастарға арналған тренингтер
Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес кампания аясында Ақтөбе облыстық ЖИТС орталығының әлеуметтанушысы Самал Мұханбетжанова Ақтөбе автожол колледжінің 1 курс студенттерімен, № 4 мектептің 8 сынып оқушыларына арналған «Құпия парағы», «Түймедақ» және «Сыйлық» тренингтер жиынтығын өткізді.
Тренинг барысында студенттер АИТВ-жұқпасының берілу және берілмейтін жолдары туралы, алдын алу шаралары туралы ақпарат алып, сондай-ақ қауіпті әсерлерге және зиянды әдеттерге «Жоқ» деп айтуға қабілеттерін қалыптастыра алды.