20
ноябрь 2019
Студентермен кездесу
Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес кампаниясы аясында Ақтөбе облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының әлеуметтанушысы Муханбетжанова С.Ж. және №1 Қалалық емхананың психологы Косуакова А.К. Мұнай және газ колледжінің студенттерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында барлық қатысушыларға АИТВ және ЖИТС туралы негізгі ұғымдар, берілу жолдары және АИТВ-ның алдын-алу әдістері түсіндірілді. Кездесу барысында бейнероликтер келесі талқылаумен көрсетілді.