21
ноябрь 2019
Студенттермен кездесу

Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес кампаниясы аясында ЖИТС ОО дәрігер-эпедимиологы Сандуғаш Жулмағамбетова Ақтөбе сервис колледжінің студенттерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында дәрігер-эпидемиолог АИТВ–жұқпасының алдын алу жолдары мен әдістері, Ақтөбе облысы бойынша эпидемиологиялық жағдай, сондай-ақ қоғамда АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікке жол бермеу туралы толық мәлімет берді. Тақырыпты терең түсіну мақсатында қатысушыларға ақпараттық-білім беру материалдары таратылды.

