25
ноябрь 2019
Ақтөбе қаласының тұрғындары үшін науқан

Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес кампания аясында ЖИТС орталығының мамандары №1ҚЕ «Келешек», №3 ҚЕ «Жас ұрпақ» жастар денсаулық орталықтарымен бірлесіп «Аида», «Тұрғындар қалашығы» базарларында және «SITY» шопинг орталығында науқан өткізді.
Науқанның мақсаты-АИТВ-жұқпасының алдын алуға көпшіліктің назарын аударту, тұрғындардың ақпараттандыру деңгейін жақсарту және адамдардың қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру мен өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауын орнықтыруға ықпал ету.
Шара барысында ЖИТС орталығының мамандары өткізіліп жатқан шараның маңыздылығы, сондай-ақ АИТВ-жұқпасының берілу жолдары және алдын алу шаралары туралы айтып берді. Сондай-ақ, ниет білдірген қала тұрғындары өздерінің АИТВ статусын арнайы санитарлық автокөлігінде 20 минут ішінде жедел тестілеу арқылы біле алды. Науқан барысында ақпараттық-ағарту материалдары таратылды.



