26
ноябрь 2019
Ақтөбе қаласының оқушыларына тренинг

Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес кампания ясында облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері №4 ҚЕ «Жас қыран» атты жастар денсаулық орталығының психологы А.Ойнаровамен бірігіп Ақтөбе қаласының №1, 3 және 19 мектеп оқушылырымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында дәрігер эпидемиолог оқушылармен «Барлығы АИТВ туралы» тақырыбына әңгіме жүргізді. АИТВ дегеніміз не, бұл жұқпаның берілу және өзін АИТВ-дан қалай қорғау керектігін айттып өтті.
Оқушылар арасында АИТВ-жұқпасы туралы қажетті білімді қалыптастыру және оқушыларды өздеріне таныс емес мәселелерді еркін жағдайда талқылау, АИТВ туралы жалпы түсінік беру және алған білімдерін бекіту үшін психолог «Диаграмма», «Түймедақ» және «Тірі су» тренингтерін өткізді. Тренингтің мақсаты оқушыларды мәселені ерте тану қажеттігіне сендіру, бұл әрбір адамның өз денсаулығы үшін жеке жауапкершілігін сезінуге мүмкіндік береді.


