27
ноябрь 2019
Ақтөбе қаласында студентермен кездесу

Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес кампания аясында Ақтөбе облыстық ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің студенттерімен кездесу өткізді.
ЖИТС орталығының алдын алу бөлімінің меңгерушісі Айжан Жайлаубаева мен педагог Мерует Матаева, дәрігер-эпедимиолог Динара Уразалинова университеттің филология, жаратылыстану, техникалық факультетерінің студенттерімен кездесу барысында АИТВ-жұқпасының берілу жолдары, алдщын алу және Ақтөбе облысы бойынша эпидемиологиялық жағдайы туралы толық ақпарат берді. Мамандар АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты қоғамда стигма мен кемсітушілікке жол бермеуге ерекше назар аударды.
Кездесу барысында «О ВИЧ» атты бейнеролик көрсетілді.