03
декабрь 2019
Ақтөбе қаласындағы мемлекеттік қызметкерлерге АИТВ-жұқпасының алдын алуға арналған шара.
2019 жылдың 28 қарашасында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес компаниясы аясында Ақтөбе облыстық ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының қызметкерлері қалалық жастар ресурстық орталығымен бірлесіп, Ақтөбе қалалық әкімдігінің қызметкерлері арасында шара өткізді.
Шараның мақсаты-АИТВ және ЖИТС мәселелері бойынша азаматтарды ақпараттандыру және тұрғындарды АИТВ-жұқпасына тестілеуден өтуге ынталандыру.
Іс-шара барысында қатысушылар АИТВ-ға тест тапсырды. Қатысушылар АИТВ-жұқпасы туралы нақты ақпаратпен танысып,мамандардың психоәлеуметтік кеңесін де алды.
Сондай-ақ ,шараға жергілікті БАҚ өкілдері де қатысып,ақпараттық қолдау көрсетті. Ақтөбе облыстық ЖИТС орталығының бас дәрігерінің орынбасары Анна Каспирова АИТВ-жұқпасының таралуына қарсы күрес шеңберінде билік органдары мен қоғамдық ұйымдардың және ЖИТС орталығының өзара ведомствоаралық тығыз қарым-қатынас орнату қажеттігін атап өтті.