04
декабрь 2019
Ақтөбе қаласындағы түнгі клубтағы шара
Жыл сайын бүкіл әлемде 1988 жылдан бастап АИТВ-жұқпасы туралы тұрғындардың ақпараттандыру деңгейін арттыруға және АИТВ-жұқпасымен өмір сүретін азаматтарға қолдау танытудың ынтымақтастық белгісі әлемде Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес науқаны өткізіледі.
Биылғы 2019 жылғы дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күнінің тақырыбы-"қауымдастықтардың маңызы бар" деген атаумен өтуде. Бұл халықаралық, ұлттық және жергілікті деңгейде АИТВ-жұқпасына қарсы бірлескен іс-қимылды қауымдастық болып бірлесе қолға алудың маңыздылығына арналған. 29 қараша күні ЖИТС орталығының мамандары "Сенім-тірек" қоғамдық бірлестігімен бірлесіп, "Рахат"ойын-сауық кешенінде шара өткізді. Шара викторина түрінде өтті. Қатысушыларға АИТВ / ЖИТС бойынша сұрақтар қойылып, дұрыс жауаптар үшін шағын сыйлықтар, қорғаныс құралдары және ақпараттық-ағарту материалдары берілді. Іс-шараның негізгі мақсаты-барынша кең ауқымда көпшілікке ақпарат беру.