12
декабрь 2019
Студенттермен кездесу

Ақтөбе облыстық ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының социологы Самал Мұханбетжанова «Жастар арасында АИТВ-жұқпасын алдын алу» тақырыбында Ақтөбе политехникалық колледжінің студенттерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында студенттерге АИТВ/ЖИТС мәселелері туралы ақпарат беру мақсатында слайд көрсетіліп, оның таралу жолдары, алдын алу шаралары, стигма және дискриминация туралы ақпарат берілді. Шараның соңында білімді бекіту үшін студентерге «Түймедақ» тренингі өткізілді.


