12
декабрь 2019
Студентермен кезесу

Ақтөбе облыстық ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік Мемлекеттік университетінің студенттерімен кездесу өткізді.
ЖИТС орталығының алдын алу бөлімінің меңгерушісі Айжан Жайлаубаева мен педагог Мерует Матаева, дәрігер-эпедимиолог Динара Уразалинова университеттің филология, жаратылыстану, техникалық факультетерінің студенттерімен кездесу барысында АИТВ-жұқпасының мәселелеріне қатысты толық ақпарат беріп, оларға алдын алу мен өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарау, АИТВ-жұқпасымен өмір сүретін азаматтарға қатысты стигма мен кемсітушілік туралы кеңінен түсінік беріп, сауалдарына жауап берді.
Кездесу барысында «О ВИЧ» атты бейнеролик көрсетілді.

