12
декабрь 2019
Ақтөбе қ. оқушылармен кездесу

Ақтөбе облыстық ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының әлеуметанушы №35 мектептің жоғары сынып оқушылар арасында «Жастар арасында АИТВ-жұқпасын алдын алу» тақырыбына кездесу өткізді.
Кездесу барысында әлеуметанушы АИТВ және ЖИТС туралы, АИТВ-ның берілу жолдары мен қорғау шаралары туралы, сондай-ақ қауіпсіз мінез-құлық және өз денсаулығы үшін жеке жауапкершілік туралы ақпарат берді.
Білімді толықтыру және қауіпсіз мінез-құлық қалыптастыру, жасөспірімдерде АИТВ жұқтырудың алдын алу және АИТВ жұқтыруы мүмкін жағдайларды болдырмауды үйрету үшін әлеуметанушы «Түймедақ», «Құпия Парақ», «Сыйлық» сияқты рөлдік ойындар өткізді.


