18
декабрь 2019
Ақтөбе қ. оқушылары АИТВ-жұқпасын алдын алуда қатысты

ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Ақтөбе облыстық орталығының мамандары мектеп оқушыларының ұйымдастыруымен өткізілген шараға қатысты. Қатысушылар Ақтөбе қаласының Пригород орта мектебі мен №17 орта мектебінің жоғарғы сынып оқушылары.
Балалар осы тақырыпқа қысқаша көріністер түрінде қойылымдар дайындады. Қойылымдар АИТВ тақырыбын, берілу жолдары мен алдын алу жолдары туралы болды. Балалар нөмірлерді қоюда АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікке жол бермеуге ерекше мән берді.
Кездесу соңында ЖИТС ОО мамандары балаларға алғыс хаттар табыс етті.
