19
декабрь 2019
Тәуелсіздік күні

2019 жылдың 13 желтоқсанында Ақтөбе облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Іс-шарада ЖИТС ОО бас дәрігері Орталықтың барлық қызметкерлерін салтанатты түрде құттықтап, әр отбасына мықты денсаулық, бақ-береке және тұрақтылық тіледі. Сондай-ақ қызметкерлерге "SENIM" Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы атынан «Құрмет грамотасын» табыс етті.


