19
декабрь 2019
Халық үшін науқан

Ақтөбе облыстық ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының қызметкерлері №5 «Болашақ» жастар денсаулық орталығымен бірлесіп «ЗапКазЯрмарка» базарында тұрғындарға арналған науқан өткізді.
Науқанның мақсаты АИТВ/ЖИТС мәселелері бойынша халықтың ақпараттану деңгейін арттыру.
Негізгі міндеті АИТВ-жұқпасының алдын алу және емдеу мүмкіндіктері туралы хабардар болуды арттыру, сондай-ақ АИТВ-ға қатысты дискриминация мен стигмаға жол бермеу,- деп түсіндірді ЖИТС ОО дәрігер-эпидемиологы Динара Уразалинова.
Науқан барысында келушілер ақпараттық білім беру материалдарын ғана емес, сонымен қатар АИТВ-ға экспресс-тестілеуден өте алды.