15
январь 2020
Ата-аналар мен оқушыларға арналған Конференция

2020 жылы 14 қаңтарда ЖИТС ОО эпидемиолог дәрігері А.Артыкбаева №15 мектепте өткен «Ұрпақ тәрбиесі - қоғам алдындағы жауапты іс» атты конференцияға қатысты.
Конференцияға құқық қорғау органдарының өкілдері, наркодиспансер мамандары, «Аңсар» орталығының теологы, мектеп психологтары, сондай-ақ оқушылары мен ата-аналары қатысты.
Конференцияда жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық, АИТВ жұқпасының алдын алу және жастар арасында есірткі тұтыну мәселелері көтерілді. Бұл іс-шара жасөспірімдерді қауіпсіз мінез-құлыққа үйретуге, оның ішінде жыныстық тәрбиеге бағытталған. Мамандар әр адамның денсаулығы, оның өмірі сияқты өзіне, өзі таңдаған өмір салтына және қауіп факторларын түсінуге байланысты екенін атап өтті.


