15
январь 2020
«Болашақ» колледжі студенттерімен кездесу

2020 жылдың қаңтар айының 29-нда Ақтөбе облыстық ЖИТС орталығының эпидемилог дәрігері «Болашақ» колледжінің студенттерімен «Жастар арасында АИТВ-жұқпасының алдын алу» тақырыбында кездесу өткізді.
Эпидемиолог дәрігері студенттерге АИТВ-жұқпасының берілуі мен алдын алу жолдары туралы ақпарат берді. Кездесу барысында бейнероликтер көрсетіліп, студенттер көкейіндегі сауалдарын қойып, жауаптар алды. Кездесу соңында ақпараттық-ағарту парақшалары үлестірілді.
