16
январь 2020
«Aqtóbe» телеарнасында сұхбат

2020 жылдың 15 қаңтарында Ақтөбе облыстық ЖИТС орталығының диагностикалық зертханасының дәрігер зертханашысы Ардақ Шегреева «Aqtóbe» телеарнасының «Жаңалықтар» ақпараттық бағдарламасына сұхбат берді. Өз сұхбатында Ардақ Шегреева АИТВ-жұқпасын диагностикалау үшін ЖИТС орталығының зертханасына енгізілген жаңалықтар туралы айтып берді.
Бұл ПТР зертхананың ашылуы, облыстың медициналық ұйымдарында зертханалық ақпараттық жүйені (ЛИС) енгізу және орнату. Бұл өзгерістер- қағазсыз құжат айналымына көшуге мүмкіндік береді.
«АИТВ-жұқпасының ПТР диагностикасы аурудың қоздырғышын дәл анықтауға мүмкіндік береді.Тіпті сынамада тек бір ғана ДНК молекуласы болса да анықтауға мүмкіндік болады. Бұл емдеу барысын да бақылау үшін өте тиімді»,-деп түсіндірді дәрігер-зертханашы А. Шегреева.
