16
январь 2020
Ақтөбе қаласындағы студенттерге арналған АИТВ-жұқпасының алдын алу дәрісі

ЖИТС орталығының мамандары А.Жайлаубаева және Д.Уразалинова М.Маметова атындағы жоғары медициналық колледжінің студенттеріне «жастар арасында АИТВ-жұқпасының алдын алу» тақырыбында кездесу оқыды.
Кездесу барысында АИТВ-жұқпасының алдын алу шаралары туралы жан-жақты ақпарат беріліп, жауапты мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру мен АИТВ-жұқпасына экспресс әдіспен тестілеуден өтіп, мамандардың ақысыз кеңесін алуға болатын достық кабинетінің жұмысы туралы да айтылды.
Дәріс барысында студенттер арасында АИТВ және ЖИТС мәселелері бойынша хабардар болу туралы сауалнама жүргізілді. Сонымен қатар ақпараттық-білім беру материалдары таратылды және бейнеролик көрсетілді.

