23
январь 2020
Ақтөбе қаласының оқушыларымен кездесу

22 қаңтар күні Ақтөбе облыстық ЖИТС орталығының дәрігер- эпидемиологі С.Жулмагамбетова Облыстық психикалық денсаулық орталығының психологымен бірлесіп, №18 мектебінің оқушыларымен кездесу өткізді.
Кездесудің мақсаты-жоғары сынып оқушыларының АИТВ мәселесі бойынша ақпараттану және білім деңгейін арттыру. Әңгіме барысында жұқтыру жолдары, стигма және дискриминация-осы және басқа да тақырыптар қозғалды. Облыста АИТВ бойынша эпидемиологиялық жағдай айтылды.
Іс - шара мақсаты: оқушыларды есірткіні қолданудың зардаптарымен және АИТВ-жұқпасының жұғу қаупімен таныстыру. Оқушылардың кез келген есірткі құралының бірінші сынамасына теріс көзқарасын қалыптастыру. Әңгіме барысында сұрақтар қойылып, мамандар осы тақырып бойынша түсініктеме берді. Кездесу барысында АИТВ-ның алдын алу туралы бейнеролик көрсетіліп, ақпараттық-білім беру материалдары таратылды.