Ақтөбе қаласындағы ХНТ арасындағы аутрич қызметкерлермен кездесу
2020 жыл еріктілер жылы деп жарияланды. Осыған орай Ақтөбе облыстық ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының бас дәрігері Ж.Сүлейменов халықтың негізгі топтары (ХНТ) арасындағы аутрич қызметкерлермен кездесті.
Ағылшын тілінен Аутрич out-тыс, reach-жету, қамту, яғни тыс жетістік дегенді білдіреді. Аутрич-жұмыс-бұл мекеме қабырғасынан тыс, олар үшін үйреншікті жағдайларда өткізілетін жабық мақсатты топтарды қамту бойынша алдын алу іс-шараларын өткізу. Аутрич-жұмысты жүргізу АИТВ және басқа да жұқпалардың алдын алуды талқылауға, қауіпті мінез-құлықты төмендетуге және оларға жеке қорғаныс құралдарын тарату бойынша кеңестер жүргізуге мүмкіндік береді.
ХНТ арасындағы аутрич жұмысының ролі АИТВ-жұқпасының алдын алуда маңызды. ЖИТС орталығының Ақтөбе облысындағы аутрич қызметкерлерімен бірлескен жұмысы арқасында инъекциялық есірткіні қолданатын тұлғалар арасында парентералды жолмен АИТВ-жұқпасын жұқтыруды әлдеқайда төмендетуге қол жеткізілді.
Кездесу барысында 2019 жылдың жұмыс қорытындысы шығарылды. ХНТ тестімен қамтуды жақсарту бойынша атқарылатын жұмыстар талқыланды, сонымен қатар ХНТ арасында АИТВ-жұқпасының алдын алу бойынша ақылы қызмет көрсету туралы шартқа қол қойылды.