28
январь 2020
Ақтөбе қаласында медициналық қызметкерлерге оқыту-семинар

Облыстық ЖИТС орталығында ЖИТС орталығының сенім бекетінде №6 қалалық емхананың ем шара мен екпе жүргізетін бөлменің медбикелеріне жедел -тест «HIV Combo Alеre»-ны қолдану тәсілін үйрету мақсатында оқыту-семинар өткізді. Шараны уйымдастырушы ЖИТС орталығының ИФТ зерханасы.
ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері А. Артыкбаева оқу басталар алдында процедураға қойылатын талаптармен, тестілеуге арналған материалдар мен құралдардың тізбесімен таныстырды. Тесттердің әрбір сериясына қоса берілген нұсқауды мұқият оқып, оны қою кезінде қатаң ұстану қажет екендігін атап өтті.
ЖИТС орталығының медбикесі Ж.Құдайбергенова емшара бөлмесінде АИТВ-жұқпасын жедел тестілеу жүргізу үшін саусақтан қан алу техникасын көрсетті.

